Ссылки доступа

Тәжік дәрігерлері дәрі-дәрмекті жарнамалағаны үшін, жазаланатын болады


Тәжікстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі дәрігерлерге шетелдік фармацевтикалық компаниялармен жұмыс істеуге тыйым салды.

Тәжік дәрігерлері бұдан былай шетелдік компаниялармен бірге жеке келіссөз жүргізе алмайды. Мекемедегілер дәрігерлер пайда табу үшін емделушілерге серіктес компанияның дәрілерін ұсынады дейді.

Тәжікстанның денсаулық сақтау басқармасының меңгерушісі Салим Абдулазизов жаңа Кодекске сәйкес, дәрігерлер шетелдік компаниялармен жұмыс істейтін болса, оларға 8 мың сомони (900 доллар шамасында) көлемінде айыппұл салады. Егер дәрі-дәрмек емделушінің денсаулығына зиян келтіретін болса, 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады.

Осыған дейін аталған бап бойынша 12 дәрігерге айыппұл салынған екен.

Тәжікстанға негізінен Ресейде, Үндістанда, Беларусьте, Украинада, Пәкістанда және Қытайда өндірілген дәрі-дәрмектер келеді. Тәжікстанның өзінде дәрі өндіретін 27 компания бар. Денсаулық сақтау министрлігінің сөздерінше, қазіргі уақытта отандық дәрілер халықтың 10 пайызын ғана қанағаттандыра алады.

XS
SM
MD
LG