Ссылки доступа

Орталық Азия университетінде жергілікті және шетел студенттері төбелесіп қалған


Қырғызстанның Нарын қаласы Орталық Азия университетіндегі жергілікті және шетелдік студенттер арасында болған төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл оқиға бұзақылық ретінде тіркелген.

8 маусымда Орталық Азия университеті корпусының біріне жүзге жуық жергілікті тұрғын жиналған. Олар кейбір шетелдік студенттердің елден кетуін талап еткен. Өткен айда жергілікті студенттер университет спорт залында баскетбол ойнаған. Сол кезде шетелдік студенттермен ерегісіп қалған.

Митингке жиналғандармен Нарын облысындағы үкіметтің өкілі Аманбай Қайыпов пен жоғары оқу орны басшылары кездескен. Төбелеске қатысқан студенттер сол жерде кешіріп сұрап, тарқасқан.

Бұл іске қатысты тергеу ісі жүріп жатыр.

Орталық Азия университеті былтыр бірінші рет студенттерді қабылдаған. Қазір онда Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан, Ауғанстан және Пәкістаннан келген 71 студент білім алып жатыр.

XS
SM
MD
LG