Ссылки доступа

Велосипедпен қажылыққа аттанған Наманған зейнеткері үйіне қайтып келді


Түркімен шекарашылары велосипедпен қажылыққа аттанған наманғандық зейнеткерді үйіне қайтарып жіберді.

9 маусымда «Озодлик» тілшісімен сөйлескен Өзбекстанның Наманған өңірінің 75 жастағы зейнеткері Хусан Хаджибаев «Фарап» өзбек-түркімен шекарасына жеткенін, бірақ шекарашылар виза жоқ деп кері қайтарып жібергенін айтты.

Ол жеті күнде 1150 километр жол жүріп, Түркіменстан шекарасына жеткен.

– Мені шекарадан өткізбеді. Шекарашылар сыйлағандықтан жіберуге дайын екенін, бірақ Түркіменстаннан шығып бара жатқанда, мені визам жоқ болғандықтан, депортациялануым мүмкін екенін ескертті. Сондықтан маған велосипедпен кері қайтуыма тура келді, – деді Хусан Хаджибаев.

Зейнеткер Хусан Хаджибаев 2 маусымда Өзбекстаннан Меккеге аттанған болатын. Сол кезде ол Түркіменстанға шамамен 8 маусымда баратынын айтқан. Зейнеткер Түркіменстан, Иран және Сауд Арабия шекарашылары кедергі жасамайды деген сенімде болған еді.

2016 жылдың қыркүйегінде Хусан Хаджибаев велосипедпен Самарқанға барып, Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің басына тәу етіп қайтқан. Онда ол 500 шақырым жол жүрген. Facebook қолданушылары оның сапарын «кіші қажылыққа» бағалап, оған жаңа велосипед сыйлаған.

XS
SM
MD
LG