Ссылки доступа

Антониу Гутерреш: Қырғызстан демократияның белгісі ретінде қала беретініне сенемін


"Қырғызстан мен оның халқы адам құқықтары, демократияны биік қоятынына көзім жетті. Бұл қырғыз халқы үшін маңызды таңдау", - деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Бішкекте сапары кезінде.

"Биыл сіздер үшін маңызды таңдау тұрғанын білемін. Қырғызстан аймақтағы демократияның символы ретінде қала беретініне сенімдімін. Барлық аймақ ілгері жылжып, табысқа жетуге Қырғызстан маңызды рөл атқарады деп ойлаймын. БҰҰ "Таза Коом" жобасы бойынша Қырғызстанға көмектесе береді. Біз Қырғызстанның мұздықтарын сақтап қалу үшін және климаттың өзгеруіне қарсы тұру үшін халықаралық қауымдастықты біріктіреміз", - деп атап өтті Антониу Гутерреш.

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш мәлімдеме жасағаннан кейін, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

XS
SM
MD
LG