Ссылки доступа

Путин бірінші рет немерелері бар екенін айтты


Ресей президенті Владимир Путин америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында бірінші рет жария түрде немерелері бар екенін айтты (Путиннің бұрынғы әйелі Людмиладан екі қызы бар екені белгілі. Бірақ олардың қалай тұратыны, немен айналысатыны жөнінде айтудан бас тартты).

Ол "немерелеріңізді жақсы көресіз бе" деген сұраққа, олармен ойнауға уақытым жетпейді деп жауап берді.

Журналистердің зерттеуі бойынша, Путиннің кіші қызы Катерина Тихонова МГУ-дің технология алқабының директоры, танымал спортшы, акробатикалық рок-н-роллмен айналысады. Оның күйеуі - Путиннің ескі досы, "Россия" банкінің акционері Николая Шамаловтың ұлы Кирилл Шамалов. Reuters Тихонова мен Шамаловтың байлығын 2 млрд долларға бағалайды. Негізгі кіріс Кириллу Шамалов 21 пайыз акциясына иелік ететін "Сибур" компаниясынан түседі.

Путиннің үлкен қызы Мария жөнінде көп ақпарат жоқ. Reuters-тің жазуынша, ол биомедицинамен айналысады, РФ денсаулық сақтау министрлігіндегі эндокринологиялық ғылыми орталықта жұмыс істейді. БАҚ-тың ақпараты бойынша Мария Путина голландық бизнесмен Йоррит Йоост Фаассенге тұрмысқа шыққан. Күйеуі кезінде "Газпромбанк-инвесте", "Стройтрансгазда" жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG