Ссылки доступа

Demir Holding Өзбекстанға қайтып оралып жатыр


Көп жылдық үзілістен кейін Өзбекстанға Ахмат Демир қожайындық ететін Demir супермаркеті оралып жатыр. Ол 2000 жылдың басында Өзбекстаннан қуылған болатын. Дереккөздің хабарлауынша, президент Шавкат Мирзияев кикілжіңді реттеуге бұйрық берген.

Биылғы жылдың 25-27 сәуірінде Түркияның сыртқы істер министрі Мевлюд Чавушоглу бір топ бизнес өкілдерін ертіп Ташкентке барғанда, араларында Ахмат Демир де болған.

Demir Holding Өзбекстандағы ең алғашқы түрік кәсіпорны болатын. Ол кеңсесін Ташкенттен 1992 жылы ашқан. Сауда саласынан бастаған компания бірнеше жыл ішінде кеңейіп, тоқыма, құрылыс, туризм саласында да бизнесін кеңейткен. Түрік басылымының жазуынша, Demir 7 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететін ірі холдингке айналған.

Кейін бақылаушы органның бірнеше рет тексеруінен кейін, Demir супермаркет желісі Mir Store деп өзгеріп, 2010 жылы Демир Өзбекстанды тастап кеткен. Оның компаниясын тартып алып, қайта сатқан. Қазіргі уақытта ол иелік еткен жылжымайтын мүліктерді Демирге қайтару жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG