Ссылки доступа

"Фергана.ру" сайты Бабакуловпен әріптестік жасауды уақытша тоқтатты


"Фергана.ру" сайты Қырғызстандағы меншікті тілшісі Улугбек Бабакуловпен келісім-шартты уақытша тоқтатқан. Бұл жөнінде сайтта жарияланған.

"Улугбек Бабакуловқа қатысты тергеу ісі аяқталғанша, бізді сотқа қысым жасап жатыр деп айыптамас үшін, журналистпен жұмыс істеуді уақытша тоқтатамыз. Осыған байланысты "Фергана.ру" Қырғызстаннан меншікті тілші іздейді", - деп жазылған мәлімдеме мәтінінде.

Сайттың бас редакторы Даниил Кислов Қырғызстанда сайтты бұғаттап, Улугбек Бабакуловқа қарсы қылмыстық іс қозғауын медиа жұмысына кедергі келтіруі деп есептейді.

Оның сөздерінше, 10 маусымнан бастап "Фергана.ру" сайтын Бішкек қаласы Октябрь аудандық сотының шешімімен бұғаттап тастаған.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті журналист Улугбек Бабакуловқа қатысты мақаласында ұлтараздықды қоздыру элементтері бар деп, қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG