Ссылки доступа

Өзбекстанда бұрынғы аудан басшысының немересі атасының үйіне шабуыл жасаған


11 маусымға қараған түні Самарқан облысы, Нарпай ауданының әкімі болған, марқұм Акбар Жамиловтың үйіне маска кигендамдар шабуыл жасап, қожайынынан ақша талап еткен.

Самарқан облысы ішкі істер басқармасы қызметкерінің сөздеріне қарағанда, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оның сөздерінше, банкте жұмыс істейтін бұрынғы әкімнің 25 жастағы немересі шабуылды ұйымдастырды деп күдікке ілінген.

– Марқұм әкімнің немересі Надир және Бахтияр деген екі жұмыссыз жігітті әжесінің үйіне ұрлық жасауға тапсырма берген. Екеуі қара маска киіп, Жамиловтардың үйіне түскен. Сол түні үйінде қарт әжей мен немересі ғана болған. Екі жігіт немерені кепілге алып, әжейден ақша сұраған. Әжей қорыққанынан қатты айқайлаған. Әйелдің даусынан ұрыға түскендердің өздері қорқып, қашып кеткен. Кейін екеуі де қолға түсті. Олар бұрынғы әкімнің немересі тапсырыс бергенін мойындады. Олардың бәрі қазір тергеу абақтысында, – деп хабарлады Самарқан облысы ІІБ қызметкері.

Белгілі болғандай, Акбар Жамилов әкім болып тұрған кезде салған бензин құю станциясын балаларының бірі шабуыл болардан бірер күн бұрын сатқан екен.

Акбар Жамилов Нарпай ауданын ондаған жылдар бойы басқарған.

XS
SM
MD
LG