Ссылки доступа

Қырғызстанның арнайы қызметі: журналист Бабакулов елді тастап кетті


Журналист Улугбек Бабакулов Қырғызстаннан шығып кеткен. Бұл жөнінде Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов мәлімдеді.

Оның сөздерінше, Улугбек Бабакулов елді тастап кетті деген ақпарат рас. Арнайы қызмет оның қайда кеткенін тексеріп жатыр, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр дейді.

Бабакулов Facebook парақшасына елден кетуге шешім қабылдағанын жазған. "Мен елден кеткеннен кейін, бір күн өткен соң маған қарсы қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Егер сот ісі әділетті болатын болса, мен елге оралуға дайынмын",- дейді журналист.

Бабакуловқа қатысты қылмыстық іс өткен аптада қозғалған. Тіл мамандары сараптамасының нәтижесі бойынша, оның мақаласында ұлтараздықты қоздыратын элементтер бар.

"Фергана.ру" сайтының жетекшісі Даниил Кислов 11 маусымда журналист Улугбек Бабакуловпен уақытша келісім-шартты тоқтатқанын жазып, Қырғызстаннан тілші іздейтінін хабарлаған. Кейіннен Улугбек Бабакулов Facebook-ке жұмыстан кету туралы өзі шешім қабылдағанын жазған.

XS
SM
MD
LG