Ссылки доступа

Тәжік "қайырымдылары" мүгедектерді алдып келгені үшін сотталды


Душанбе қалалық соты қайырымдылық қорының мүшелерін еңбекке жарамсыз 35 адамнан алдап ақша жинағаны үшін, әртүрлі мерзімге жазаға тартты.

Сот шешімі бойынша, Саёхат Созибназарова, Махмудджон Носиров пен Билолиддин Мудинов алаяқтық жасады деп танылып, 9 жылдан 11 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Сотталушылар мен олардың адвокаттары шешімге келіспейтінін, қайта шағымданатынын мәлімдеді.

Олар мүгедек жандарға "көмек" ретінде 3 литр май мен 50 сомониден беріп, кейін пәтер, көлік алып береміз, демалыс орындарына тегін жолдама береміз деп уәде етіп, әрқайсысынан 200 мың сомониден ақша алған.

Тәжікстанның ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Умарджон Эмомалидің айтуынша, бір ғана Нурабад ауданында 13 адам алаяқтардың құрбаны болған. Олар 50 мың сомониден ақша жинап берген.

ІІМ өкілі сонымен бірге "Мүгедектерге көмек" қайырымдылық қорының мөрі жалған болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG