Компания басшылығы дүйсенбі күні кеңсеге тінту жүргізгенін хабарлаған. Бұл зауыттың иесі 51 жастағы бизнесмен Мұратхан Тоқмади. Ол әйнек зауытын 2003 жылы ашқан. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі. БАҚ-тың хабарлауынша, Тоқмади қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген.
Зауыттың бас директоры орынбасары Людмила Шепелева кеңседегі барлық компьютерлер мен құжаттар тәркіленгенін мәлім етті.
ҰҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Қажымұрат Сатыбалдин ақпаратты растады. Арнайы операцияда бірнеше күш құрылымдары қатысқанын айтты.
Ашық ақпарат деректеріне сүйенсек, Мұратхан Тоқмадидің бизнесі соңғы жылдары дамып, табыстарға жеткен. Тіптен оның зауыты қарқынды дамыған жоба ретінде саналған. Тоқмади компаниясы Алматыдағы Республика сарайын қайта жөндеуден өткізді, ірі «Нурлы тау» бизнес орталығы және ірі қонақ үйлер, сауда орталықтарының терезелерін қаптаған.
2008 жылы «Казстройстекло» «Үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша президент сыйлығын алған.