Ссылки доступа

АҚШ-тың екі штатының бас прокуроры Трампты сотқа берді


Колумбия округы мен Мэриленд штатының бас прокурорлары АҚШ президентін сотқа берді. Олар Трамп АҚШ Конституциясының баптарын бұзып жатыр деп есептейді.

Арыз берушілер АҚШ Конституциясына сәйкес, мемлекет шенеунігі ірі бизнес-империяны басқара алмайды. Трамп президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, өзінің бизнесін сақтап қалатынын мәлімдеген.

Трамп қаңтар айында өзінің шетел инвесторларымен бірлескен бизнес-активтерін ұлдары басқаратынын, бірақ ол істің бәрін өз қадағалап отыратынын мәлімдеген.

Колумбия округының бас прокуроры Карл Рэйсин мен Мэриленд штатының бас прокуроры Брайан Фрош Трамп АҚШ Конституциясында жазылған "Құрама Штаттардың лауазымды қызметінде жұмыс істейтін мемлекеттік шенеунік Конгрестің рұқсатсынсыз шетел басшыларынан не ханзада, королдерінен қандай да бір сыйлық, қызмет не мәртебе ала алмайды" деген бабын бұзып отыр дейді.

Басым көпшілігі республикалықтар болып саналатын АҚШ Конгресі Трамптың бизнесімді сатпаймын деген мәлімдемесіне мән бермеген. Прокурорлар болса, өздерінің шағымдары бойынша тепе-теңдікті сақтауға тырысатындарын айтады.

XS
SM
MD
LG