Ссылки доступа

Донбасс: Станислав Асеевті іздеуге ЕҚЫҰ миссиясы кірісті


Станислав Васин (Асеев)

Украинаның журналистер одағы 12 маусымда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан (ЕҚЫҰ) және Қызыл крест халықаралық ұйымынан Станислав Асеевті табуға көмектесулерін сұрады. Блогер 2 маусымда жоғалып кеткен.

Журналистің отбасы, әріптестері және достары Асеевтің бір апта бойында хабар-ошарсыз кеткенін айтады. Журналист негізінен мақалаларын Станислав Васин деген бүркеншік атпен жазады. Ол Азаттық радиосы Украина қызметінің штаттан тыс тілшісі.

Жоғалған журналистің досы, парламенттің бұрынғы мүшесі Егор Фирсов 6 маусымда Facebook парақшасына Асеевті Донецкіде ресейшіл сепаратистердің күштеп ұстап отырғанын жазған. Келесі күні де Фирсов әлеуметтік желіде осы ақпаратты қайталады.

Азат Еуропа/ Азаттық радиосының бас редакторы Ненад Пеич Асеевті күштеп ұстауында негіз бар деді. Пеич блогердің өміріне алаңдайтынын жеткізген. Бас редактор "Станислав Асеевті тез арада босатуын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуін" талап етіп, мәлімдеме жасады.

XS
SM
MD
LG