Ссылки доступа

АҚШ Ресейдің бейбіт шеруге шыққандарды қудалауын сынады


Джон Спайсер отвечает на вопросы журналистов в Белом доме
Джон Спайсер отвечает на вопросы журналистов в Белом доме

Вашингтон Ресей қалаларындағы бейбіт шерулерге шыққандарды жаппай қамауға алу әрекетін сынайды, деп мәлімдеді Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер.

"Ресей азаматтары, басқа да адамдар секілді, пікірін ашық айтуды қолдайдын үкіметке лайықты", - деп мәлімдеді Спайсер.

АҚШ Мәскеуді наразылық акцияларында ұсталғандарды босатуға шақырды.

Дүйсенбі күні Ресейде сыбайласқан жемқорлыққа қарсы жаппай манифестациялар өтті. Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі митингтер билікпен келісілмеген. ІІМ акциялар барысында 150-ден астам адам ұсталғанын мәлімдеді. "ОВД-Инфо" дерегі бойынша, Мәскеуде кем дегенде 730 адам қамауға алынған. Бұған дейін хабарланғандай, Петербургте 500-ге жуық адам ұсталды. БАҚ мәліметтеріне қарағанда, Ресей қалаларында оппозициялық акциялар кезінде 1500-ден астам адам қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG