Ссылки доступа

Украинаның Астанадағы елшілігі "Қырымсыз картаға" байланысты нота жолдады


Украинаның Қазақстандағы елшілігі Астана орталығындағы экспозицияда Украина картасында Қырым түбігінің көрсетілмеуіне байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігінен жауап күтеді.

Укрина елшілігінің Facebook’те жарияланған мәлімдемесі бойынша, Астана орталығына қойылған инсталляцияларда – адам пішіндері ұстап тұрған глобуста – Ресей картасына Қырым түбегі қосылған, ал Украина картасының шекарасы Қырымсыз белгіленген.

«Украина Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен осыған қатысты түсініктеме күтеді. Астанадағы Нұржол бульварына қойылған экспозициядағы карта «Украинаның аумақтық тұтастығын бұзатын белгілермен», ал Ресей картасы - «Украинаның мемлекеттік егемендігіне нұқсан келтіретін белгілермен» жасалған», - делінген мәлімдемеде. Украинаның Астанадағы елшілігінің баспасөз хатшысы Ирина Блащуктың айтуынша, осыған байланысты 12 маусымда Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне нота жолданды.

Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді «саясиландырудан» алшақ болуға шақырды. «Инсталляция қойылғаны рас, бірақ ол қандайда бір шығармашылық ұжымның еңбегі, онда саяси астар жоқ. Бәлкім, суретшілер оның саяси мәніне емес, шығармашылыққа көбірек көңіл бөлсе керек», - деді ол. Оның айтуынша, шығарма авторлары «кінәларын мойындап», Украина елшілігіне «кешірім жолдады».

Украина елшілігінің баспасөз хатшысы Ирина Блащуктың айтуынша, 13 маусым күні таңертең карта боялған болып шықты. «Ресей глобусында» картаның орнына Василий Блаженный Соборы, ал «Украина глобусында» - аспан, дала және Украина ұлттық гербі бейнеленген.

XS
SM
MD
LG