Ссылки доступа

"Ислам мемлекеті" әскери министрінің ұлын Сирияға "қашқысы келгені" үшін соттайды


Тәжікстан құқыққорғау органдарындағы дереккөз мәліметіне қарағанда, Бехруз Гүлмұродқа «қылмыс жасауға оқталды» және «әскерге жалданды» деген айыптар тағылған. Ол Сириядағы әкесіне қашып кеткісі келген делінеді.

Бехруз Гүлмұрод тергеу кезінде әкесімен телефон арқылы ешқашан сөйлеспегенін, ол туралы жаңалықтарды «Гүлмұрод Халимовтың достарымыз» деп таныстырған адамдардан естігенін мәлімдеді. Бехрузды Дараи Фони қышлағында ата-анасының үйінде ұстады. Дереккөз мәліметіне қарағанда, ұстаған уақытта оның қолында Мәскеуге ұшатын билет болған.

Бехруздың әпкесі Нилуфар Халимова бауырының Сирияға қашып кетпек болған деген болжамды «жалған» деп атады. «Бауырым мектеп бітірген соң базарда жұмыс істеді. Тапқан табысын үйіне әкеп жүрді», - деді ол.

Полковник Гүлмұрод Халимов 2015 жылы сәуірде жоғалып кетті, ал мамыр айының соңында Сирияда екенін хабарлады. Тәжікстан ІІМ арнайы жасағын басқарған қолбасшы өзінің бейнежолдауында тәжік полициясы діни бостандықты шектейтінін, сол себепті «Ислам мемлекетіне» қосылғанын мәлімдеді. Тәжік билігі қашқын полковникті отанын сатты деп айыптап отыр.

XS
SM
MD
LG