Ссылки доступа

АҚШ Сенаты Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірледі


Америкалық сенаторлар дүйсенбі күні кешке Ресейдің бірқатар азаматтары мен корпорацияларына қарсы санкциялар жүйесін кеңейтуге келісті. Санкциялар Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне, АҚШ президенттік сайлауы кезіндегі кибершабуылдарға және Сириядағы науқанына жауап ретінде қабылданады.

Заң жобасы Дональд Трамп әкімшілігінің Кремльге қарсы санкцияларды әлсіруте бағытталған кез келген әрекетін Конгресте талқылау мүмкіндігін қарастырады.

Конгрестегі көпшілік сенаторлардың басшысы Митч Макконелл жаңа шараларға қатысты дауыс беруді ресми түрде апта соңына белгіледі. Бұл ұсыныстар Иранға қарсы санкцияларды кеңейту жөніндегі заң жобасына да қосылған.

Екі партияның сенаторлары келістірген жаңа санкциялар Ресейдің барлау және қорғаныс ведомстволарының қызметкерлеріне қарсы бағытталған. Ресей экономикасының энергетика, темір жол және өндіріс салалары да санкцияға ілігуі мүмкін. Санкциялардың жаңа топтамасында Ресейде адам құқығын бұзушыларды жазалайтын ережелер бар.

Заң жобасын әзірлеушілер құжатты Сенат өкілдерінің көпшілігі қолдайды деп мәлімдеді. Ақ үйдің бұл бастамаға қатысты реакциясы әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG