Ссылки доступа

Әнші Абдуләзіз Кәрім өзбек шекарашыларын "халық жаулары" деп атады (видео)


Узбекский певец и композитор Абдулазиз Карим.

Түрік азаматтығын алғаны үшін отанында қудалауға ұшыраған өзбек әншісі әрі сазгер Абдуләзіз Кәрім әлеуметтік желіде бейнежолдау жариялап, онда Өзбекстан шекарашыларын «халық жаулары» деп айыптады. 44 жастағы әншінің айтуынша, үндеу дайындауға Өзбекстан шекара қызметінің «заңсыз әрекеттері» түрткі болған.

Әншінің сөзіне қарағанда, 10 маусымда Өзбекстанның шекара қызметі 76 жастағы әкесі Сирожиддин Кәрімовті өзбек-қазақ шекарасында тоқтатқан. Әншінің айтуынша, әкесі Түркиядан Өзбекстанға көршілес Қазақстан арқылы қайтып келе жатқан.

«Менің 76 жастағы әкеме тыңшылық жасады, шекараны заңсыз кесті деген жалған айыптар тағылған. Кешке оны автозакқа отырғызып, милиция бөліміне апарған», - деді әнші. Оның айтуынша, полиция бөлімшесінде оны тергеген, төлқұжатын тартып алған, қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.

«Қасиетті Рамазан айында 76 жастағы әкеме жалған күйе жаққан шекарашыларда ұят бар ма? Абдуләзіз Кәрімнің әкесі болғаны үшін жазықты ма? Сен – өзбек халқының нағыз жауысың!», - деді әнші.

Абдуләзіз Кәрімнің айтуынша, әкесі соңғы екі жылда Стамбулда қонақта болған. Шекара қызметкерлері әншінің әкесін мерзімі өтіп кеткен виза қолданғаны үшін айыптаған.

XS
SM
MD
LG