Ссылки доступа

Ташкентте медколледждің оқытушылары студент өлімі үшін бізді жазалап жатыр дейді


Жасур Ибрагимов

Ташкент медициналық колледжінде оқыған, ауыр соққыдан қаза тапқан 18 жастағы Джасур Ибрагимовтің оқытушылары басшылық тарапынан қысым көріп жатқанын айтады. Оқытушылардың сөздерінше, оларды демалыссыз жұмыс істеуге мәжбүрлеп жатыр.

11 маусымда демалыс күніне қарамастан, Ташкент медициналық колледждің оқытушыларын жұмысқа шығуға мәжбүрлеген. Бұл жөнінде Азаттықтың өзбек қызметіне жолдаған ашық хатта жазылған.

Оқытушының бірінің сөздеріне қарағанда, оларды Джасур Ибрагимовтің өлімі үшін жазалауды шешкен.

– Директорды қызметінен алды. Жаңа басшы әлі келмеді. Гульчехра Алимова уақытша директордың қызметін атқарады. Бізде әлі тексеру жүріп жатыр. Бізді Джасурдың өлімі үшін айыптайды. Тексеруден шаршадық, – дейді оқытушының бірі.

Алайда медколледждің жетекшілері ешкімге қысым көрсетіліп жатпағанын айтады. Оқытушылар еңбек заңына сәйкес, демалыс алады дейді.

Студенттің өліміне қатысты бірнеше адам ұсталған болатын. 4 маусымда Ташкенттің жүздеген тұрғындары кінәліні жазалауын талап етіп, көшеге шыққан.

XS
SM
MD
LG