Ссылки доступа

Түркіменстан нарқынан ресейлік МТС операторы кетуі мүмкін


Ресейлік МТС мобилді байланыс операторының Түркіменстанда қызмет көрсетуге арналған лицензиясының мерзімі аяқталып жатыр.

Аталған компания 2012 жылы Түркіменстан аумағында бас жылға жұмыс істеуге рұқсат алған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, лицензияны ұзарту жөнінде келіссөздер мамыр айынан бері жалғасып келеді. Бірақ жаңа келіссөздерге қол жеткізбегендіктен, оператор қызметін 1 шілдеде тоқтатады делінген.

2011 жылы МТС компаниясы Түркіменстанда жұмысын тоқтатқаны үшін, 600 миллион доллар шығын көргенін, келген зиянды төлету үшін халықаралық сотқа шағымданатынын мәлімдеген. Өз кезегінде Түркіменстан билігі айыппұлды өтемейтінін айтқан.

Ресейлік оператордың Түркіменстандағы қызметі 2012 жылдың қазан айында қайтадан жалғасқан. Жаңа келісімге сәйкес, МТС “ТүркменТелекомға” ай сайын түскен табысының 30 пайызын төлеп отыруға міндетті.

Дереккөздің ақпаратына қарағанда, Түркіменстан билігі МТС компаниясына қосымша салық салуды қарастырып жатыр.

XS
SM
MD
LG