Ссылки доступа

Ошта қырғыз-өзбек достығына арналған концерт өтті


Қырғызстанның Ош қаласында қырғыз, өзбек әртістерінің қатысуымен концерт өтті.

Мерекелік кешті жергілікті кәсіпкер Дилмурад Ишанов жергілікті биліктің қолдауымен ұйымдастырды.

Ишановтың бастамасымен, Ташкент қаласының "Мукими" музыкалық театры Ошқа бір аптаға гастролдік сапармен келді. Олар жергілікті аудандарға тегін қойылым қойып жүр.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы ұзақ жылдарға созылған салқын қарым-қатынас былтыр күз айынан бастап қайта жақсара бастады.

XS
SM
MD
LG