Ссылки доступа

Түркия президенті тағы да Катарды қорғап сөз сөйледі


Түркия президенті Режеп Ердоған Катарды оқшаулау "адамдық қасиетке жатпайды" әрі ислам құндылықтарына қайшы келеді деді.

Сейсенбі күні түрік парламентінде сөз сөйлеген Ердоған басқарушы партия атынан Сауд Арабия Катардағы жағдайды реттеу керек деді.

5 маусымда Сауда Арабия, Біріккен Араб әмірлігі, Египет және Бахрейн елдері Катарды Иранға және радикалды исламшылдарға қолдау көрсетеді деп айыптап, Дохамен қарым-қатынасты үзген.

Катар болса барлық айыптауларды жоққа шығарады. Доханы Түркия мен Иран қорғап жатыр.

Дүйсенбі күні Ұлыбритания өзге араб елдерін Катармен әуе қатынастарын қалпына келтіруге шақырды.

XS
SM
MD
LG