Ссылки доступа

Тәжік президентінің үлкен қызына тағы да атақ берілді


Президент әкімшілігінің атқарушы жетекшісі қызметін атқаратын Тәжікстан президентінің үлкен қызына әділет саласының мемлекеттік кеңесшісі деген лауазым қоса берілді.

Бұл прокуратура және әділет саласындағы ең үлкен лауазымды атақ болып саналады. Президент әкімшілігінің сайтында бұл жөнінде ақпарат жоқ. Бірақ Азаттық радиосы тәжік қызметіне белгілі болғандай, тиісті жарлық 25 мамырда шыққан.

Заң ғылымдарының кандидаты Озода Рахмон өткен жылы Тәжікстан президенті әкімшілігінің атқарушы жетекшісі қызметіне тағайындалған.

38 жастағы Озода Рахмон оған дейін АҚШ-тағы Тәжікстан елшілігінде төтенше және өкілетті елші қызметін атқарған. 2009 жылы Тәжікстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG