Ссылки доступа

АҚШ бас прокуроры: маған Ресеймен байлам жөнінде ешнәрсе мәлім емес


АҚШ-тың бас прокуроры сенаттың барлау жөніндегі комитетке барып, сұрақтарына жауап берді. Сешнстің сөздерінше, оған Трамптың сайлауалды штабының Ресейдің ресми тұлғаларымен байланысы жөнінде ешнәрсе мәлім емес. Ол Ресей елшісімен екі рет кездестім, бірақ айтарлықтай ештеңе болмады деді.

Сешнс президент Дональд Трамппен не жөнінде сөйлескенін айтудан бас тартты. Кейін ол Трамппен FBI-дің (Федералды тергеу бюросы) бұрынғы директоры Джеймс Комидің позициясы жөнінде сөйлескенін айтты. Екеуі Федералды тергеу бюросына өзгеріс керек деп шешкен.

АҚШ-тың әділет министрлігін басқаратын Сешнс АҚШ әкімшілігіндегі ең жоғары лауазымды тұлғалардың бірі болып саналады.

Өткен аптада сенаттың барлау жөніндегі комитеті FBI-дің бұрынғы директоры Джеймс Комиді тыңдаған. Ол Ресей билігінің АҚШ-тағы президент сайлауына араласқанына күмән келтірмеді. Бірақ оның қолында дәлел келтіретін ешқандай куәлік жоқ екенін айтты. Оның сөздерінше, бірінші кибер шабуыл 2015 жылдың жазында болған.

Коми сонымен бірге 14 ақпанда Ақ үйде президент Трамппен кездескенін, онда президент кабинеттегі өзге адамдарға екеуін оңаша қалдыруын сұрағанын атап өтті. Сол кезде президент құпия ақпарат жөнінде айтып, Флинн жөнінде сөз қозғаған. Комидің сөздерінше, Трамп Флиннді қайта-қайта "жақсы адам" деп, оған қатысты тергеу ісін тоқтатуды талап еткен.

XS
SM
MD
LG