Ссылки доступа

Қырғызстанда халықаралық террористік топтың мүшесі ұсталды


Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, халықаралық террористік ұйымның мүшесі, қырғыз азаматы қолға түсті.

Ресми мәлімет бойынша, ол 2014 жылдан бері экстремистік ұйым сапында болып, Сирия аумағындағы әскери қимылдарға белсенді түрде қатысқан.

Арнайы қызмет таратқан ақпаратқа қарағанда, күдікті террористік ұйым басшысының нұсқауымен Қырғызстан аумағына өтіп, астыртын террористік ұйым құру арқылы террористік акцияларды жалғастыруды көздеген.

Тергеу органдары "жалданып соғысу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті арнайы қызметтің тереу абақтысында отыр. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG