Ссылки доступа

Румынияның бұрынғы президенті сот алдында жауап береді


Ион Илиеску – первый президент Румынии после свержения коммунистического режима
Ион Илиеску – первый президент Румынии после свержения коммунистического режима

Румыния бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Ион Илиеску мен бұрынғы премьер-министр Петре Роман сот алдында жауап беретінін мәлімдеді.

1990 жылы 13 маусымда Бухарест қаласына үкімет шақыртуымен келген мыңдаған кенші қала тұрғындарымен қақтығысып қалды. Төрт белсенді қаза тапты, мыңнан астам адам жараланды. Румыния астанасы көшелеріндегі қантөгіс 15 маусымға дейін созылды.

Бухарестегі оқиға жастар мен студенттердің сәуірден бері жалғасқан шеруін тоқтатты. 53 күн бойы алаңға жиналған мыңдаған қала тұрғыны "неокоммунистерге" қарсылық білдірді. Студенттер Ион Илиескуді демократиялық басқару ережелерін бұзды деп айыптады. 1989 жылы желтоқсанда Илиеску мен оның жақтастары "революциялық төңкеріс" және президент Ниволае Чаушескуді өлтіру арқылы билікке келді.

Ион Илиеску мен Петре Роман Бухарестегі үкіметке қарсы шеруді күшпен тарқатқанына жауапты емеспіз деп отыр. Сот өтетін уақыт әлі жарияланбады. Сотталушылар арасында Румынияның сол кездегі қауіпсіздік қызметінің басшысы Вирджил Мэгуряну де бар.

XS
SM
MD
LG