Ссылки доступа

Лондонда 27 қабатты тұрғын үй өртеніп жатыр. 30 адам зардап шеккен


Өрттің неден шыққаны белгісіз. Ғимарат құлап түсуі мүмкін.

Лондонның батысында көп қабатты тұрғын үй өртке оранды. Лондондық өрт қызметінің мәліметіне қарағанда, тілсіз жау екінші қабаттан 27-қабатқа дейін көтерілген. Кем дегенде 30 адам зардап шекті. Бұл туралы Reuters агенттігі жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ғимаратта қанша адам болғаны, олардың қаншауы құтқарылғаны туралы мәлімет жоқ. Бірқатар БАҚ және куәгерлердің хабарлауынша, өртке оранған үйде тұрғындар қалып қойған, олар көмек сұраған.

Grenfell Tower ғимаратына шамамен 40 өрт сөндіру көлігі және 200 өрт сөндіруші жолданды. Ғимарат құлап түсуі мүмкін, деп хабарлады Би-би-си. Өрт шыққан ауданда төтенше жағдай жарияланды.

XS
SM
MD
LG