Ссылки доступа

Қазақстанда судьяны өлтіріп кетті, күдікті ұсталды


Көкшетау қаласында Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Бердығұлованы өлтіріп кетті. Полиция мәліметі бойынша, 46 жастағы судьяның денесі сейсенбі, 13 маусым күні өз үйінде табылған. Оны қылқындырып өлтірген болуы керек.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бердығұлованың туыстары мен әріптестері марқұмның жүрегі тоқтап қалған болуы керек деген. Кейін сараптама азаптау іздерін анықтаған.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчуктің хабарлауынша, кісі өлтіру қылмысы бойынша іс қозғалды. 32 жастағы жергілікті тұрғын күдікті ретінде ұсталды. Ол кінәсін мойындаған. Кісі өлтіру мотиві әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG