Ссылки доступа

Еурокомиссия Чехия, Венгрия және Польшаны заңмен қудалай бастады


Еурокомиссия босқындарды қабылдаудан бас тартқаны үшін Чехия, Венгрия және Польшаны заңмен қудалауды бастады.

2015 жылы Еуропалық одақ елдері Италия мен Грекиядан келген 160 мың босқынды бөліп алуға келіскен. Бірақ бұл ережеге Орталық және Шығыс Еуропаның кейбір мемлекеттері қарсы шықты. Польша мен Венгрия әзірге бірде бір адам қабылдаған жоқ. Чехия 12 босқын қабылдаған, бірақ осы айда бұл келісімнен шығатынын мәлімдеді.

"Өкінішке орай, біз бірнеше мәрте ескерткенімізге қарамастан, Чехия Республикасы, Венгрия және Польша тиісті шара қолданбады", - деді ЕО көші-қон жөніндегі комиссары Димитрис Аврамопулос Страсбургтегі баспасөз конференциясында. "Сол себепті комиссия бұл елдерді заңмен қудалай бастайды", - деді ол. Бұл процесс бірнеше айға созылуы мүмкін.

Чех премьер-министрі Богуслав Соботка Еуроодақ әрекетін сынады. "Еурокомиссия жұмыс істемейтін схемаларды енгізуді сұрап отыр. Сол себепті азаматтардың Еуропалық одаққа деген сенімі төмендеп кетті", - деп мәлімдеді ол.

XS
SM
MD
LG