Ссылки доступа

Түркіменстан тұрғындарға есептеуіш орнатуды талап етіп жатыр


Түркіменстан президентінің бұйрығымен әлеуметтік жеңілдіктерді алып тастағаннан кейін, билік өкілдері үй-үйлерді аралап, тұрмыстық қызмет үшін есептеуіш орнатуды талап етіп жатыр.

“Түркіменстанның балама жаңалықтарының” ақпараты бойынша астанада тұрғын үйдің есіктеріне газ, электр және су үшін есептеуіш орнатуды талап еткен хабарландырулар ілінген. Онда есептеуіштер тұрғындар есебінен сатып алынатыны жазылған.

Осыған дейін Азаттық радиосы облыстарда халыққа мәжбүрлі түрде есептеуіш орнатқызып жатқанын хабарлаған еді.

Өткен аптада Түркіменстан президенті Гурбанғұлы Бердымұхамедовтің барлық әлеуметтік жеңілдіктерді алып тастау жөніндегі мәлімдемесінен кейін, аймақтағы кейбір билік өкілдері халықтан 2016 және 2015 жылдар үшін тұрмыстық қызметке ақша төлеуді талап етіп жатқан көрінеді. Бұл жөнінде Азаттықтың дереккөзі хабарлайды.

1993 жылы Түркіменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовтың жарлығымен халыққа газ, электр, су тегін беріліп келген. Бұл жеңілдік 2030 жылға дейін қарастырылған. Бірақ жақында Бердымұхамедов бұл жеңілдікті алып тастау жөнінде бұйрық шығарды.

XS
SM
MD
LG