Ссылки доступа

Қырғызстанда бүгін президенттікке үміткерлерді ұсыну басталды


Президенттікке үміткерлерді ресми түрде ұсыну 15 маусымда басталады. Бұл жөнінде Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Абдыжапар Бегматов хабарлады.

- Жогорку Кеңештің қаулысы шыққаннан кейін, келесі күні үміткерлерді ұсыну басталады. Президенттік сайлауға түскісі келетін кандидат кем дегенде 30 мың сайлаушының қолын жинау керек. Сонымен бірге партия съезінің шешімін өткізу керек, - деді ол.

Абдыжапар Бегматовтың сөздерінше, өздерін өздері ұсынған кандидаттар берілген анкетаны толтырады. Үміткерлерді тіркеу сайлауға 75 күн қалғанда аяқталады.

Жогорку Кеңеш сәрсенбі күні президент сайлауын 15 қазанда өткізу жөнінде қаулы шығарды.

XS
SM
MD
LG