Ссылки доступа

Алматыда терроризмді насихаттады деген әйел бес жылға сотталды


Алматы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұлов 34 жастағы Қапшағай тұрғыны Жанна Өмірованы діни араздықты қоздырып, терроризмді насихаттады деген айып бойынша бес жыл бас бостандығынан айырды.

Үкім мемлекеттік айыптаушының қатысуымен, бірақ мемлекет тағайындаған адвокатсыз оқылды. Сотталушы Жанна Өмірова шешіммен келіспейтінін, апелляциялық шағым беретінін айтты.

Жанна Өмірова үкім алдында соңғы сөзін айтып, өзін соттамауын сұраған еді. Ол кішкентай екі бала тәрбиелеп отырғанын және зейнеттегі мүгедек анасына қарап отырғанын ескеруін сұраған. Сотталушы сонымен бірге өзіне қатысты істі арнайы қызмет әдейі ұйымдастырғанын, өзі терроризмді насихаттамағанын айтады.

Жанна Өмірова биыл қаңтар айында ұсталған.

Оның кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы қазір 65 жастағы анасының қолында.

XS
SM
MD
LG