Ссылки доступа

Тәжікстанда коррупцияға қатысты ұсталған шенеуніктер қатары көбейіп жатыр


Тәжікстанның құқық қорғау органдары бас прокуратураның жоғары лауазымды шенеунігі Хуршед Джабборзоданы қамауға алды. Ақпаратқа қарағанда, арнайы қызмет оны екі апта бұрын ұстаған.

Хуршед Джабборзода бас прокуратурада азаматтық, экономикалық, отбасылық және әкімшілік істерге қатысты сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Дереккөзге қарағанда, екі жыл бұрын Джабборзода коррупцияға қарсы күрес агенттігінен бас прокуратураға ауысқан. Ол бұрынғы әріптесінің куәлік етуі бойынша ұсталған. Хуршед Джабборзодаға жалған құжат әзірледі деген айып тағылып отыр.

Осы уақытқа дейін коррупцияға қарсы күрес агенттігінің қазіргі және бұрынғы 7 бірдей лауазымды қызметкері тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG