Ссылки доступа

Өзбекстан президенті дін өкілдерін бірінші рет ауызашарға шақырды


Президент Мирзияев пен Өзбекстан мүфтиі Усмонхон Алимов
Президент Мирзияев пен Өзбекстан мүфтиі Усмонхон Алимов

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 15 маусымда елдің дін өкілдерінің басын қосып съезд өткізіп, одан кейін Рамазан айында ауызашар бермекші.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы съезге елдің барлық аймағынан 1200 имам шақырылып отырғанын хабарлады. Делегаттар елдегі діни білім беру ахуалық талқыламақ.

Ауызашар ел президенті Мирзияевтың қатысуымен 15 маусымда кешкісін «Навруз» мейрамханасында өтеді екен.

Тұңғыш президент, марқұм Ислам Каримов кезінде Өзбекстанда қоғамдық орындарға ифтар өткізуге тыйым салынған болатын.

XS
SM
MD
LG