Ссылки доступа

АҚШ сенаты Ресейге жаңа санкциялар салуды мақұлдады


АҚШ сенаты басым дауыспен 2016 жылы президент кампаниясына араласқаны үшін Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуды мақұлдады.

Қабылданған құжат Иранға қарсы санкцияларды кеңейту жөніндегі заң жобасына енгізіледі, оған сенат 15 маусымда дауыс береді.

Осыдан кейін құжат Конгреске түседі. ​

Жаңа шектеулер Ресейдің энергетикалық және несие беру саласына қатысты болмақ. Сонымен бірге Сириядағы Башар Асад режиміне қару жеткізетіндерге, Ресей үкіметінің тапсырысы бойынша кибер шабуыл жасағандарға және РФ барлау, қорғаныс күштерімен байланысы барларға санкция салынады. Мұнан бөлек ресейлік тау кен саласы, металлургия, теңіз және темір жол тасымалына қатысты да шектеулер қойылмақ.

XS
SM
MD
LG