Ссылки доступа

Лондонда өрт құрбандарының саны 12-ге жетті


Лондонда өрттен қаза тапқандар саны 12-ге жетті. Қала билігі құрбандар саны одан да көп болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Ауруханаға жеткізілген 70 адамның 20-сының жағдайы өте ауыр.

Британия астанасының батысында орналасқан Кенсингтондағы 24 қабатты үй толып өртеніп кетті. Өрттің шығу себебі әлі анықталмады.

Қайғылы оқиғадан кейін консерваторлар мен юнионистер коалициялық үкімет құру жөніндегі келіссөздерді кейінге қалдырды.

XS
SM
MD
LG