Ссылки доступа

Өзбекстан тұрғындары Собчак пен Навальныйға жауап берді (видео)


Алексей Навальный и Ксения Собчак.

Ксения Собчак пен Алексей Навальный телеарна эфирінде: "Өзбекстан тұрғындары Пушкинді білмейді", - деді. Пікірдің бұрыстығын дәлелдегісі келген өзбектер әлеуметтік желіде флешмоб ұйымдастырып, орыс ақынының шығармаларын жатқа оқыды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

"Дождь" телеарнасының эфирінде Алексей Навальный мен Ксения Собчак Өзбекстан тұрғындарына тіл тигізді.

"Әрине, Өзбекстанда ешкім Пушкиннің кім екенін білмейді", - деді Навальный. Әлеуметтік желі қолданушы өзбектер оған ақынның өлеңдерімен жауап берді. Бұған қоса, олар Өзбекстан көшелері, алаңдары және метро станциясы Пушкиннің есімімен аталғанын алға тартты.

Тағы бір белсенді Ксения Собчак пен Алексей Навальныйды Өзбекстанға келіп, жергілікті тұрғындардың тіршілігімен танысуға шақырды.

XS
SM
MD
LG