Ссылки доступа

Мәжіліс Қырғызстанға 100 млн доллар бөлу туралы хаттаманы мақұлдады


Қазақстан парламентінің төменгі палатасы Қырғызстанға қаржылай көмек көрсету туралы хаттаманы мақұлдады. Құжат ЕАЭК аясындағы интеграцияны дамытуды көздейді. Қазақстан көрші елге 100 млн доллар көмек көрсетеді, деп хабарлады мәжілістің ресми сайты.

Хабарларға қарағанда, қаржылай көмек бірнеше траншпен бөлінеді, ол қызмет көрсету, құрал-жабдық, тауар, білім беру, қаражат түрінде берілуі мүмкін. Қырғызстан көмектің мақсатты түрде жұмсалуына жауап береді.

Алғашқы транш 41 млн доллардан сәл асады. Бұл қаражат кеден, көлік инфрақұрылымы, ақпарат алмасу, өрттен сақтану, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, фитосанитарлық және ветеринарлық шараларға аударылады.

Қазақстанның Қырғызстанға 100 млн доллар бөлу туралы келісіміне Еуразиялық экономикалық кеңесі Жоғарғы отырысының өткен жылы Санкт-Петербургтегі жиынында қол қойылды. Көмек бөлу туралы келіссөздер одан бұрын басталған еді, бірақ құжатты қабылдау процесі ұзаққа созылып кетті.

XS
SM
MD
LG