Ссылки доступа

Түркіменстанда темір жол билеті қымбаттаса да, қызмет сапасы жақсармады


Ашхабад-Серхетабад бағытымен қатынайтын пойыз жолаушылары жолақы қымбаттаса да, қызмет көрсету сапасы жақсармағанына шағымданды.

Елде темір жол билетінің құны 1 маусымнан бастап 100 пайызға, ал әуе жолы билеті 20 пайызға қымбаттады. Серхетабад қаласының 60 жастағы зейнеткері Айгүл апа қызмет сапасына көңілі толмайтынын айтты.

"Сол баяғы кір көрпелер, вагондарда шай жоқ. Кір төсекті жинаған уақытта демалатын ауа жетпей қалады. Кейбір әжетханаларда су шүмегі істен шыққан, есіктер дұрыс жабылмайды, едендегі кілемнің түсін айыру мүмкін емес", - деді наразы зейнеткер.

Оның айтуынша, 7 маусымда Серхетабад-Ашхабад жолаушы пойызының жүру уақыты алдын ала ескертусіз өзгертілген.

"Жолаушылар ол туралы пойызға мінер алдында ғана білді", - деді Айгүл. Жолаушылар пойызды тағы екі сағат күтуге мәжбүр болған. Бұның барлығы оларға қосымша қиындықтар туғызған.

XS
SM
MD
LG