Ссылки доступа

Тәжіктер тойлардан 18 млрд сомони үнемдеді (видео)


Тәжікстан билігінің хабарлауынша, "Салт-дәстүр, салтанатты кеш және жиындарды реттеу туралы" заң қабылданған он жылда ел тұрғындары 18 млрд сомони (2 млрд доллар) үнемдеген.

Тәжікстан Конституциялық сотының төрағасы Махкам Махмудзоданың мәлімдеуінше, 2007 жылы елде кедейшілік деңгейі 70 пайыз болған. "Осы заңның арқасында, он жылда Тәжікстанда кедейшілік деңгейі 30 пайызға дейін төмендеді", - деді ол.

Махмудзоданың айтуынша, бұл құжат әлемдегі ерекше жүз заңға енді. Тәжікстанның бұл тәжірибесін көршілес Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан үйренді, дейді ол. Ауғанстан билігі де осындай заң дайындап жатыр.

Құжат тойға жиналатын қонақ санын, тамақ түрлерін, салтанатты кеш уақытын реттейді. Мысалы, үйлеу тойына 150-ден астам қонақ шақырылмайды, салтанатты кеш үш сағаттан аспауы тиіс. Туған күндер мен мерейтойлар отбасында ғана атап өтіледі.

Дегенмен бұл заң кейбір шенеуніктер мен байларға арнап жазылмаған дейді кейбір тұрғындар. Мысалы, бір тәжік кәсіпкерінің тойына мыңнан астам қонақ жиналған. Той иелері айыппұл төлеуден қашқан, өйткені салтанатты жиынды олар Қырғызстан аумағында өткізген.

10 лет с упорядочением традиций и обрядов: за и против. ВИДЕО
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

XS
SM
MD
LG