Ссылки доступа

Путин: Ресей алдағы үш жылда қорғаныс шығынын азайтады


Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдеуінше, алдағы үш жылда Ресей қорғаныс шығынын Ішкі жалпы өнімнің 2,8 пайызына дейін қысқартады. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, америкалық кинорежиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Путин өткен жылы әскер шығыны үш пайыздан асқанын айтқан. "Бұның өзі көп", деді Путин.

Әлем проблемаларын зерттеуге арналған Стокгольм институтының (SIPRI) мәліметі бойынша, Ресейде әскер шығыны 2016 жылы 7,5 пайызға өсіп, 66 миллиард доллар болды.

Бұған Сириядағы әскери науқан да әсер етті. Бұдан бөлек Ресей Еуропамен батыс шекарасындағы әскер күшін нығайтты. Осылайша, Ресей әскер шығыны жөнінен Сауд Арабиясын басып озды. Алғашқы екі орында АҚШ пен Қытай тұр. РБК есебі бойынша, 2015 жылдың 30 қыркүйегінен 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Ресей Сириядағы әскери қимылдарға 58 миллиард рубль жұмсаған.

Оливер Стоунның "Путинмен сұхбат" деректі циклы америкалық Showtime кабельді арнасында көрсетіле бастады.

XS
SM
MD
LG