Ссылки доступа

Өзбекстанда жүргізушілерді тегін "тасуға" міндеттейді


Әндіжанда "Дамас" (Damas) такси жүргізушілеріне түні бойы жол инспекторларын бақылау бекетіне дейін тегін жеткізіп салуға міндеттейді.

Әндіжан облысы көлік қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының қызметкері қалада "тыныштықты сақта" деп аталатын арнайы шара жүріп жатқанын, шара барысында жүргізушілерден көмек сұрауы мүмкіндігін айтты.

Осыған дейін Азаттық радиосы өзбек қызметіне Әндіжан жүргізушілерінің бірі күні бойы жолаушыларды тасып, түнде милиционерлерге тегін қызмет көрсетуге мәжбүрлейтінін айтып шағымданған еді.

"Милицияның төрт бірдей қызметкері көлікке отырады да "тез жүр" деп әмір береді. Онсыз да таңғы сағат бестен оларды бекеттеріне жеткізіп саламыз. Бұған біздің көңіліміз толмайды", – дейді жүргізушінің бірі.

Оның сөздерінше, егер жүргізушілер оларға тегін қызмет көрсетуден бас тартса, көлік инспекторлары айыппұл саламыз деп қорқытады екен.

XS
SM
MD
LG