Ссылки доступа

Түркіменстанға теракт болу мүмкіндігін ескерткен


Түркіменстанда қауіпсіздік шараларының күшеюіне себеп - барлау қызметі теракт болу мүмкіндігін ескерткен. Осылай деп Түркіменстанның күш құрылымындағы дереккөз хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, шет мемлекеттің үкіметі мамыр айының ортасында "Ислам мемлекеті" тобы теракт ұйымдастыру мүмкін деген ескерту жасаған.

«10 күн бұрын Түркия Түркіменстанға "Ислам мемлекетінің" төрт содырын қайтарды. Бірнеше күн өткен соң Түркия түркімен билігіне теракт болу мүмкіндігін ескертті», - деп жазады дереккөз.

Түркімен арнайы қызметі бұл жағдайға мән беріп, қауіпсіздік шарасын барынша күшейткен.

«Осыдан кейін шетелге, әсіресе Таяу Шығысқа жиі шығатын ер азаматтарға бақылау орнатты. Сонымен бірге қоғамдық орындарда жастардың жиналуына да тыйым салды», - дейді дереккөз.

XS
SM
MD
LG