Ссылки доступа

Путин президент сайлауына қатысты сұрақтан жалтарды


Ресейдің болашақ президентінің басты міндеті кедейлікпен күресіп, халықтың табысын арттыру. Осылай деп Ресей президенті Владимир Путин тікелей линия кезінде айтты.

Бірақ Путин "келесі президент сайлауына қатысасыз ба?" деген сұраққа жауап бермеді. Ресей басшысы елдің жаңа президентін халық таңдайды деді.

Ресейдегі қарсылық акциялары туралы сұрақтарға, "кейбіреулер қиындықтарды өз пайдасына жұмсап жатыр" деп жауап берді.

2018 жылдың 18 наурызында Ресейде өтетін президент сайлауына қазірдің өзінде Владимир Жириновский, Григорий Явлинский мен Алексей Навальный қатысатындарын жария етті.

XS
SM
MD
LG