Ссылки доступа

Трамп өзінің қызметін тергеуге қатысты хабарға ашуланды


АҚШ президенті Дональд Трамп FBI-дің (Федералды тергеу бюросы) бұрынғы басшысы Джеймс Комиді қызметінен алуына қатысты тергеу жұмыстарының басталғанына ашулы. Ол өзінің Twitter парақшасына "америка тарихындағы ең ірі жалмауызды аулау" деп жазды.

Бастапқыда "Ресеймен байлам жасады деп куәлік іздемек болды. Бірақ одан түк шықпады. Енді әділеттілікті бұзды дегенді ойлап тапты", деп жазады Трамп.

Ол The Washington Post газетінің арнайы прокурор Роберт Мюллер президент әрекетінің заңдылығын тексеріп жатыр деген ақпаратқа пікірін білдірді.

Роберт Мюллер кезінде FBI-ді басқарған. Кейін әділет министрлігіндегі арнайы прокурор қызметіне тағайындалды.

Джеймс Коми болса сенатта тыңдау кезінде өзінің қызметінен алынуына Ақ үйдің Ресеймен байланысын зерттеуге кіріскені себеп болғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG