Ссылки доступа

Мирзияев студенті өлген медколледжді жабуға бұйрық берді


Ташкент медициналық колледжінің ұстаздар қауымына шұғыл жиналыста білім мекемесі жабылатыны хабарланды. Мұнда 18 жастағы Жасур Ибрагимовтың қайғылы қазасынан соң тексеру жүргізілген. Колледж студенттерін басқа оқу орындарына бөлуі мүмкін.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, жақында өткен жиналыстардың бірінде президент Шавкат Мирзияев медициналық колледжді жабуға бұйрық берген.

18 жастағы студент Жасур Ибрагимовті биыл 3 мамырда курстастары сабап кеткен.

Жасурға бес хирургиялық операция жасалды, бірақ ол 1 маусымда ауыр жарақаттан айықпастан ауруханада қайтыс болды.

Ташкент ішкі істер департаменті Ибрагимов өліміне қатысы барларды жазалауға уәде берді. Бас прокуратураның мәліметі бойынша, бірнеше адам қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG