Ссылки доступа

Қырғызстан Канадада түрік компанияларының шағымына қатысты сотта жеңді


"Қырғызалтын" ААҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания Канаданың Жоғарғы сотында түріктің "Систем Мюхендислик" және "Энтес" компаниялары түсірген апелляциялық шағымы бойынша істе жеңіске жетті. 15 маусымда Канада Жоғарғы соты бұл компаниялардың апелляциялық шағымын қараудан бас тартқан.

Еске салайық, 2016 жылдың 29 желтоқсанында Онтарио провинциясының Апелляциялық соты "Қырғызалтынның" канадалық Centerra Gold Inc. компаниясындағы акциялары соның ғана меншігі екені, бұл активтерді Қырғызстанға шағымданып отырғандардың ешқайсысы тәркілей алмайтыны туралы үкім шығарған.

Осылайша, Канаданың жоғарғы сот инстанциясы Онтарио Жоғарғы соты шығарған шешімді толықтай дерлік күшінде қалдырды.

"Соған сәйкес, "Қырғызалтынның" Канададағы есептеріндегі 11 миллион 867 мың доллар жақын уақытта шешіліп, түрлі шағымдардан босатылады", - делінген баспасөз релизінде.

"Қырғызалтын" өкілінің айтуынша, соттағы бұл жеңіс шамамен алты жылға созылған дауға нүкте қойды.

XS
SM
MD
LG