Ссылки доступа

ЕАЭО елдері арасында Қазақстан ең жоғарғы инфляция көрсетті


Қазақстанда инфляция тежеле бастады, бірақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ең жоғарғы орында тұр, деп жазды Finprom сайты. Биылғы сәуір айының нәтижесі бойынша, сарапшылар дәйегіне қарағанда, Қазақстанда инфляцияның жылдық деңгейі 7,5 пайыз болған.

Зерттеу авторларының айтуынша, 2015 жылдың қазанына дейін ЕАЭО елдері арасында инфляция бойынша ең төменгі көрсеткішті (4,4 пайыз) Қазақстан көрсетті.

Қазір Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Беларусь Республикасының алдына шықты, бұл елде 2016 жылдың сәуірінен бері инфляция деңгейі 6,3 пайыз болды, деп жазды Finprom.kz. Беларусь 2016 жылы ұлттық валютасын тағы бір мәрте деноминациялады.

Finprom мәліметі бойынша, инфляция деңгейі ЕАЭО құрамына кіретін Қырғызстанда — 3,8 пайыз, ал Арменияда — 1,2 пайыз.

XS
SM
MD
LG