Ссылки доступа

Тәжікстанда "маски-шоу" атанған қарақшылар тобы сотталды


Тәжікстанның Соғды облысына қарасты Бободжонгафур ауданында халық арасында "маски-шоу" атанып кеткен қарақшылар тобы қолға түсті. Ауданның бес тұрғыны күндіз түрғындарды ашықтан-ашық тонаумен айналысқан, жанармай құю бекеттеріне шабуылдаған. “Маски-шоу” қарақшылар тобы туралы қауесет аудан тұрғындарын дүрліктерді.

Аудандық судья Фируза Гайбуллозоданың хабарлауынша, топ жетекшісі Исломхожа Маматхожаев 12 жылға сотталса, оның көмекшілері - Азаматхужа Мирзохужаев пен Абдуахад Маликов 11 және 10 жылын түрмеде өткізеді. Қылмыстық топтың тағы екі мүшесі үш жылға сотталды.

Судьяның айтуынша, үкім заңдық күшіне енгенше сотталушылар оған шағым түсіре алады. Адвокат Рустам Каримов апелляциялық шағым түсіретінін айтты. Дегенмен қорғаушы топтың жасаған қылмыстары ауыр екенін мойындады.

Хабарларға қарағанда, қарақшылық топтың мүшелері 20 және 26 жас аралығындағылар, екеуі - бұрын сотталған.

XS
SM
MD
LG