Ссылки доступа

Мәскеу түбіндегі жол апатынан қайтыс болған баланы мас деп таныған


Мәскеу облыстық тергеу комитетінің басқармасы жол апатынан алты жастағы бала қайтыс болған істі тексерді. Тергеушілер сарапшылардың көлік қаққан кезде бала қатты мас болған деген қорытындыға күмән келтірген.

"Жол апатына түскен кезде алты жастағы баланың қанында 2,7 промилле алкоголь болған делінеді. Ата-анасы сараптаманы қайтадан өткізуін талап етті. Олар қылмыстық істі тергеу кезінде куәгерлерге қысым жасалды дейді. Қылмыстық істің өзін жарты айдан соң ашқан. Оған дейін дәлелдердің жарымы жойылған", - делінген тергеу комитетінің хабарламасында.

Жол апаты 23 сәуірде тіркелген, бірақ ол туралы 15 маусымда ғана белгілі болған. Ұялы телефондар салонының 31 жастағы сатушысы Ольга Алисова үйдің ауласында алты жастағы баланы қағып кеткен. Автокөлік баланы басып, сүйреп өткен.

Күдіктінің адвокатының айтуынша, бала жолға кенеттен шығып, отырып қалған, сол себепті жүргізуші оны байқамай қалған. 12 маусымда марқұмның әкесіне сот-медициналық сараптаманың қорытындысын көрсеткен, онда бала қатты мас болғаны айтылған.

"Менің айтарға сөзім жоқ. Осындай қағаздың пайда болғанынан емес, тергеушінің ұялмастан соны маған бергеніне таңқалдым. Арты не болады? Мені ата-ана құқынан айыра ма?" - деді Роман Шимко.

Тергеу комитеті сараптаманы қайтадан өткізеді.

XS
SM
MD
LG